|    |  
24 ақпан 2020
03:06
қаз
Қызғаншақ әйел жігітінің үстіне қышқыл құйып мүгедек еткен
09 қараша 2017, 16:31 60
Қызғаншақ әйел жігітінің үстіне қышқыл құйып мүгедек еткен. Ендігі кезек Марк Ван Донген өзін эвтаназияға қиюға рұқсат алған екен. Ол өліерінен бұрын басынан өткен оқиға туралы баяндап беріпті.



" Барлығы мен Берлинаның көзіне шөп салғаннан басталды. Алайда уақыт өте біз қайта достастық. Дегенмен сол күні Берлина махаббат үштігі туралы әңгімесін қайта бастады. Арада жанжал туды. Қанша дегенмен мен ашуға салып, қонақ үйге қонуға кетіп қалдым. Алайда ашуым тарқаған соң оны сүйетінім туралы хабарлама жіберді. Жауабы де күттірген жоқ. 
Көп ұзамай ол мен жатқан қонақ үйге келді. Сөйтті де: "егер сен менікі болмасаң ешкімдікі болмайсың ",- деп күлді де қолындағы қышқылды үстіме шашып жіберді",- дейді 29 жастағы Марк Ван Донген.

Аталмыш оқиғадан соң Марк бір көзі соқырланып, 25 пайыз денесі күйіп кеткен екен. Ендігі кезек ол өз-өзіне эвтаназия арқылы қол жұмсауды жөн көріп отыр. 

48 жастағы Берлина Уоллес болса өз кінәсін мойындап, тәртіп сақшыларына қарсылық та көрсетпеген екен. 

Дереккөзі: http://life.ru  


Жаңалықтар