14 Декабрь
12:10
Астана: -19 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
25 наурыз 15:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қызғылт көлдің құпиясы ашылды (Видео)
YouTube-те жүрізілген шоуға қатысушылары әлі күнге дейін құпия болып келе жатқан қызғылт көлдің жаратылысын ашты деп хабарлайды Daily Dot басылымы.



YouTube арнасында жүргізілген SciShow бағдарламасы  2013 жылы алғаш рет Австралияның Хиллер көлі туралы сюжет түсіреді. Араға үш жыл салып  SciShow бағдарламасының жүргізушісі Хэнк Грин (Hank Green) Хиллер көлдің құпиясының ашылғандыңғын жариялады. Хэнк Грин айтуына қарағанда, 2013 жылы жарияланған бейнежазбаны көрген микробиолог Кен Макграф (Ken McGrath) аталғн тақырыпқа қызығушылық танытқан.
Қызғылт көлдің құпиясы қатты қызықтырған Кен Макграф eXtreme Microbiome Project зерттеу жобасының негізін қалаушылармен хабарласып, көлді зерттеуге рұқсаттар алады.



Зерттеу қорытындыларына сәйкес, ғалымдар судың қызғылт түске енуінің негізгі себептері экстремальды жағдайларда да тіршілік етуін тоқтатпайтын галобактериялар мен өзге де экстремофилам- микроағзалардың әсерінен болып отыр деп тұжырым жасап отыр.



Айта кетейік, Австралияның табиғат ғажайыптарының бірі Хиллер көлі. Көл суының түсі қызғылттылығымен танымал. Ғалымдар әлі күнге дейін суқойма суының мұндай ерекше түсті қалай пайда болуын түсіне алар емес. Ғалымдардың бір болжамы бойынша Хиллер көлінің қызғылт болуы кейбір балдырлардың түрлеріне байланыстырады. Алайда  көл суынан алынған сынақ зерттеулері бұл болжамды теріске шығарды. Қызғылт көл қалың эвкалипт орман және ақ тұздармен қоршалған. 

Дереккөзі: tjournal.ru
нравится:    1319
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии