24 Август
08:55
Астана: 17 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Экономика
21 сәуір 16:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қызметтік қысқартуларға қалай түспеуге болады? Заңгер кеңесі
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда қысқару қаупімен тұрған 170 мың қызметкерлер бар екен. Жұмыс орнын қалай сақтап қалуға болатындығы туралы Қазақстан қаржылық қызметтерді дамыту ұлттық қорының төрағасы, танымал заңгер Михаил Кленчин LS өзінің  сұхбатында айтып берді.



- Қазақстанда қандай жағдайлар кезінде қызметкерлерді қысқарту болуы мүмкін?

— Қазақстан Республикасының Еңбек кодекісінің ережелеріне исәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бұзуға және уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңдерінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді. Сонымен бірге, еңбек шарты жұмыс берушімен бірге қызметкер басқа орынға ауысудан бас тартса, еңбек шарттарының өзгеруімен байланысты жұмысты ары қарай жалғастыруға қызметкердің бас тартуы, жұмыс беруші-заңды тұлғаны қайта құрылымдау кезінде жұмысты жалғастырудан қызметкер бас тарқан кезінде еңбек шартының бұзылу мүмкіндіктері қарастырылады. Еңбек шарттарын қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде, оның ішінде жүктілік пен бала туу және бала күтіміне байланысты демалыс алу кезінде бұзуға рұқсат етілмейді.


- Егер қандай да бір себептермен қызметкер қысқартуларға түссе, банктен алған несиені төлеу мерзімін ұзарту үшін не істеуі керек?

— Ең бірінші кезекте, табысынан айырылған адамдар үшін банкке барып, орын алған жағдайды баяндап және жаңа жұмыс орнын тапқанша несие төлеу уақыттарын созуды сұрап өтініш жазуға кеңес берер едім. Банктер екі тарапқа да тиімді болуы үшін жиі келісімге келеді. Банкке өтінішпен барған кезде мүмкіндігінде банк кеңсесі арқылы кіріс нөмерін тіркей отырып жазбаша түрде берген жөн. Банк пен қарыз алушы арасында жасалған ауызша келіссөздер жиі кездеседі, алайда олар әртүрлі себептерге байланысты орындалмай қалып жатады. Сонымен бірге біз банктік қарыздарды кешіру немесе сотта жеңуге уәде берген күдікті азаматтардан абай болуды ескертеміз. Өкінішке орай, банктік борышкерлер арасында түрлі сипатқа ие, ақша табудың не бір қитұрқы тәсілдерін меңгерген алаяқтар проблемасы жетерлі, осындай жағдайларға тап болғандар борышкерлер проблемаларын одан әрі тереңдете түседі.


- Егер борышкер алған несиесін төлемесе оны қандай жазалар күтіп тұр?

— Егер қарыз алушы өзінің алған қарыздарын белгіленген мерзімдер ішінде төлемеген жағдайларда, борышкерге қарыз шарттарына сәйкес жоғары айыппұл немесе өтемақы төлеу жазалары бекітіледі. Оның үстіне, кейбір жағдайларда банк барлық қарыз соммасы, оның сыйақы мен өтемақыларын қосқандағы сомманы өндіріп алу үшін сотқа шағымдана алады. Егер қарыз кепіл негіздерінде берілген жағдайларда, соттық және соттан тыс тәртіптерде кепілге қойылғанды иемденуге құқылы – ол кепіл шарттарына байланысты болады.
- Қорға көп жағдайларда қазақстандықтандан
С какими жалобами казахстанцы чаще всего обращаются в фонд?

—Кепіл мен қарыз шарттарын орындау кезіндегі банк пен қарыз алушы арасындағы туындаған мәселелер көп кездеседі. Мұндай проблемалар қарыз алушы төлемге қабілетсіз болса және төлем мерзімін созып алған кезде туындайды. Осы кезде банктік тараптар көптеген сұрақтарды туындататын белгілі бір шараларды қабылдайды.


- Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдайлар ушыққаннан кейін несиесін төлеуге мүмкіндіктері болмауына байланысты қорға келіп түскен шағымдар саны артты ма?


— Еңбек жағдайының өзгеруіне немесе басқа да себептерге байланысты келіп түскен шағымдарын санына байланысты өзгергендігін дөп басып айту қиын, оның үстіне тұтынушыларға көмек қолын созуға тікелей реттеушілердің міндеттеріне кіреді, ал қордың тек тәуелсіз ұйым ретінде ғана ол жұмыстарды жүргізе алады.
Өтініш беруші банкпен диолог жасау арқылы сараптамалық қорытынды алуға мүмкіндігі бар. Алайда, қызметтік штаттардың қысқартылуы сөзсіз орындалмаған заңды ақшалай міндеттемелер санын барынша арттыруға алып келеді. Бұл сөзсіз.
 
- Қаржылық қызметтерді дамыту ұлттық қоры құрылғаннан бастап қанша өтініш келіп түсті?
 
— Осы жерде айта кету керек, тұтынушылардың қаржылық құқығын қорғау қордың негізгі бағыттары болып табылмайды. Бірақ мұндай жұмыстар Ұлттық банктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаментінің қолдауымен тұрақты негіздерде жүргізілеп тұрады. 2014 жылдың 1 желтоқсаны мен 2015 жылдың 31 наурызы аралығында 76 өтініш қаралды. Оның үстіне, күн сайын Ұлттық банк жанындағы қоғамдық қабылдауында қор өкілдері әртүрлі мәселер бойынша қазақстандықтарға кеңес береді.
 

Дереккөзі: lsm.kz
 
 
нравится:    1390
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • айда2015-11-21 15:00:16
    Салемстсызба. Менің сұрағым ақшалай қарыз беріп ешкандай қолхатсыз одан кейін ол кісі бермесе қандай заң жолымен жəне киімге барып шағымды жазуға болады? Заңнама бойынша қандай бап тармақтармен іс қозғауға болады? Бул жағдай кандаи органдарға жүгінуге болады? Алдын ала рахмет жауап берсеңіз сұрағыма.