14 Декабрь
23:05
Астана: -23 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
1 сәуір 12:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қызметтік жиналыстарда өзіңізді қалай ұстау керек?


Қызмет адамдар өмірінің бір бөлігі. Жиналыс барысында назарыңызды басқа жаққа аудару немесе қолыңызды қусырып отыру ыңғайсыз әрекеттеріңіз, қызметіңіздің одан әрі өрге жүзуіне өзінің салқынын тигізбей қоймайды. Біз сіздердің назарларыңызға қызметтік жиналыс барысында  көпшілік адамдар жіберетін қателіктерді көрсете отырып, дұрыс іс-қимыл бағыттарын ұсынамыз.

1. Қолдарыңызды қусырмаңыз



Көпшілік жағдайларда қолды қусырып отырудың еш әбестігі жоқ, алайда жиналыс кезінде қолды қусырып отыру қасыңыздағы адам үшін жайсыз көрінуі әбден мүмкін. Өйткені сіздің бұл әрекетіңіз бірлескен жұмыстардан бас тарту белгілері ретінде қарастырылады.

2. Еңкейіп тұрып алмаңыз



Ұзаққа созылған жиналыс кезінде адамның жүріс-тұрысы, отырысы маңызға ие. Қатты еңкейіп тұрып алу сөз сөйлеуші адамды сыйламағанның белгісі ретінде қарастырылады және селсоқтық қарым-қатынасты білдіреді. Еңкейіп, қиғаш қарап тұру өте үлкен қателіктердің бірі. Ең дұрысы сөз сөйлеуші адамға  бойыңызды босаң ұстап, тіке қарап  отыру қажет.

3. Телефонның ішіне «кіріп кетпеңіз»



Талқылаулар жүріп жатқан кезде телефонды ақтарудың қажеттігі шамалы. Жиналыс кезінде  хабарламалар жазбаңыз және электронды поштаңызды тексеруге талпынбаңыз.
Телефонға телміру  сыйламағандықтың нақты көрінісі.

4. Көзбен байланысты жоғалтпаңыз



Жиналыс кезінде  әңгімелесушімен көзбен байланысты жоғалту, телефонға телміру сияқты іс-қимылды көрсетеді. Ол: «Маған сенің айтқан сөздерің қызық емес» деген көзқарасты білдіреді.

5. Пікірталастан қашпаңыз



Жиналыста үндемей қалу сіздің мүддеңіздің болмауы ретінде қабылдануы мүмкін. Болып жатқан пікірталасқа кіріп кетіңіз. Өйткені сіздің сөзіңізді  шешуші рөл атқару әбден мүмкін.


Дереккөзі: insider.pro.
Аударма: reactor.inform.kz
нравится:    773
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии