Әлем жаңалықтары
19 желтоқсан 17:48
Қызы әкесін ұрып өлтіріп, денесін бөлшектеп, унитазға ағызып жіберген



Дағыстанда бойжеткен өз әкесін қатыгездікпен өлтіріп, денесін бөлшектеп, унитазға ағызып жіберген, деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитетінің өңірлер бойынша тергеу басқармасы.

2016 жылы қазан айында әкесін қатты жақтырмайтын айыпталушы одан құтылудың жолдарын ойластырып, оның ішкен асына 40 таблетка феназепам қосып берген. Әкесінің сонда да тірі қалғанын көрген ол қолына оқтауды алып, оның басынан ұра бастаған. Оқтау сынып қалған кезде табақпен ұрып-соққан, содан кейін матадан жасалған сүлгімен тұншықтырған.

Келесі күндері бойжеткен әкесінің денесін бөлшектеумен айналысқан. Сосын өлі дененің қалдықтарын унитазға ағызып, мәйіттің қалған бөлігін Махачкаладағы зираттың маңайына көміп тастаған.

Аталған факт бойынша «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Дереккөзі: life.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика