22 Февраль
14:44
Астана: -12 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 319.88
EUR/KZT: 394.41
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.42
Мәдениет
25 желтоқсан 12:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ләйлә Сұлтанқызы екінші кітабын жарыққа шығарды
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тағы жаңа кітабын шығарды. Жаңа кітап «Әйел» деп аталады. Бұл туралы тележүргізушінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.


 
«Мен күніне 23:00-00:00 аралығында жоқ дегенде 10-15 xатты оқып, бағыты бойынша ұжым болып шешуге тырысамыз, болмай жатса көмегі тиеді-ау деген адамдарға жіберемін. Ал, қаншама қыз-келіншектерден өз басындағы жағдайды баяндаған хаттар көбеймесе азаяр емес. Осы жаңа кітапбымда 123 әйелдің сұрағына арнайы мамандардың кеңесі, өмірде кездесетін оқиғалар мен сан қилы тағдырлар жазылды. Қолыңыздағы "Әйел" (кітап) жасырғанымызды бүкпесіз баяндайды... Көп әйелдің көкейіндегі сан сауалға жауап табу мақсатында бұл кітапқа еліміздегі "ең" деген псиxолог, гинеколог, маммолог, сексолог мамандар жұмылдырылды. Көмек сұрай xат жазған 123 әйелдің басындағы жайт қоғамда кең етек алғандықтан, бірін аурудан айықтырып, екіншісін псиxологиялық қолдап, басқасын суицидтен сақтап қалсын деген ниетпен ұсынып отырмыз. "Ләйлә апай..." деп xатын бастайтын қаракөз қыздарымызға жеке-жеке жауап беру мүмкін болмаса да, үнсіз қалғым келмеді...»-дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
 
Аталмыш кітап қазір Астана қаласындағы кітап дүкендеріне сатылымға шығарылған.
 

Дереккөз: Reactor
нравится:    55
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии