|    |  
20 ақпан 2020
22:07
қаз
​Ләйлә Сұлтанқызы мен Бибігүл Дәулетбекқызының арасындағы сот аяқталды
20 желтоқсан 2019, 16:44 521
Біраз уақыт бұрын Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа берген еді. Нұрболхан сотта жеңіп шыққан. Ал екі күн бұрын Бибігүл де соттың аяқталғанын жеткізді. Бұл туралы журналист фейсбуктегі парақшасында жазған.


 
«Сот бітті. Алматы қаласы, Бостандық ауданы сотының судьясы Әділ Бакин істі тоқтатты. Әділ судьяға рахмет көп. Әрі қарай Сеңгірбекова азаматтыққа бере ме, өз еркі. Менен журналистер: "Моральдық шығыныңызды өтегіңіз келе ме? Қайтесіз?" деген сұрақты қойды. Айтпағым: "Ондай деңгейге түскім келмейді. Адвокат Айман Умаровамен ақылдасып, шешеміз. Уақыт көрсетеді" деймін.Мені қолдап, қорғап, ақ тілегін жаудырған халқыма мың алғыс! Қыз намысы - ел намысы. Қазақ қыздарының ары үшін соттасқаныма өкінбеймін»-деп жазған.
 
Журналистің айтуынша Ләйлі Сұлтанқызы арызын өзі қайтарып алған.
 


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар