Мәдениет
1 қазан 12:37
​Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы жайлы бар шындықты айтты
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Назар» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы мен өзінен 12 жас үлкен жолдасы жайлы айтты.


 
«Отбасын құрғанымызға 15 жыл болды. Оның бірінші әйелі емес екенімді бәрі біледі ғой. Қайраттың алдыңғы отбасынан балалары бар. Келіндерімен араласамыз. Қайраттың мені қатты жақсы көретінін іс-әрекетінен байқаймын. Кейде маған аға ретінде ұрысып кетеді. Өйткені, 12 жас білінеді. "Мен саған қарындас емеспін ғой" деп әзілдеп қоямын.

Оның 5 баласы бар. Немерелері бар. Барлығы Қайраттың мойнында. Ол алғашқы күннен "Ләйлә, сен ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Мен үшін балаларым бірінші орында. Сен "мен ең сүйікті әйел болуым керек. Менің балаларым бірінші" дейтін болсаң онда кешір" деді. Сондықтан осы шарт ешқашан бұзылмайды»  - дейді тележурналист.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика