Әлем жаңалықтары
6 мамыр 12:43
LED-шамдармен жарықтандыру обырды қоздыруға қабілетті
Көшені жарықтандыратын шамдарға тақау тұратын дені сау адамдарға да қауіп төнуі мүмкін. Ғалымдар LED-шамдарының көгілдір жарығы обырдың даму тәуекелін айтарлықтай арттыра түсетіндігін тауып отыр.



Барселонаның Бүкіләлемдік денсаулықты қорғау институтының (Barcelona Institute for Global Health (ISGlobal) зерттеушілері медициналық мәліметтерді, сонымен қатар Испанияның Барселона мен Мадрид қалаларында тұратын 20 мен 85 жас аралығындағы 4000 адамының өмір сүру жағдайларын зерделеген.
Медицина қызметкерлері өз зерттеулерінің мәліметтерін ағылшын тілінде жарық көретін «Environmental Health Perspectives» журналында жария еткен. Ішкі және сыртқы жарықтандыруға арналған LED-шамдары туралы мәліметтерді бағалай келе зерттеушілер жарық көгілдір сәуленің басым бөлігінің әсеріне тап болған адамдарда оның әсеріне сирек тап болған адамдарға қарағанда сүт безі обырының даму тәуекелі 1,5 есе артық болады деген қорытындыға келген. Ал көгілдір түсті жарық көзінде жиі жүретін ер-азаматтарда простат обырының тәуекелі 2,8 есе жоғары болады.
Көгілдір түсті жарық неліктен мұндай қауіпті?
Өйткені, көгілдір түсті жарық толқыны өзге жарық түстеріне қарағанда барынша қысқа толқынға ие. Демек, бұл онда энергия да көп деген сөз. Ал бұл жағдайда көгілдір түсті жарық біздің миымыздағы мелатониннің аз өңделуіне әсерін тигізеді. Егер адамның мелатонин деңгейі төмен болатын болса,  онда ол өзін шаршаңқы сезінеді. Осыған байланысты оның денесі күйзеліске ұшырап, ал ол өз кезегінде денсаулыққа кері әсерін тигізеді.
Бұған қоса, мелатониннің омырау обыры және простат сынды обырлардың белгілі бір жасушаларының өсуін тежей отырып, антиоксидант қызметін де атқарады. Егер ол жеткіліксіз болса, онда ауру жылдам дамуы ықтимал.
Ғалымдар әзірше смартфондардың зиянды әсерінің мүмкіншіліктерін зерттеген жоқ. Бірақ олардың да жұмыс істеу механизмі дәл сондай екендігін ескерер болсақ, онда олар да көгілдір түстен бөлініп шығатын сәулелерімен қауіпті болуы мүмкін.


http://orthodox.od.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика