14 Декабрь
02:55
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Мәдениет
23 маусым 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Леонардо Да Винчидің автопортреті көрмеге шығарылды
Леонардо Да Винчидің автопортреті көрмеге шығарылды spartakich.ru Италия астанасы Римде алғаш рет Леонардо Да Винчидің автопортреті көрмеге шығарылды. Сурет бірнеше жыл бойы көне болуына байланысты жұрт назарына ұсынылмай келген.

Қайталанбас туынды Турин Корольдік кітапханасынан құпия жағдайда жеткізілді. 50 млн еуроға сақтандырылған сурет ылғалдылығы мен температурасы қалыпты құрыш бокстің ішіне орналастырылған екен. Сапасын мінсіз қалыпта сақтау үшін көрме залының жарығы да сөндірілді. Сарапшылар «Ұлы қария ауыр науқастанған» деп баға беруде. Шебердің қылқаламынан туындаған шедевр, шамамен, 500 жыл бұрын салынған. Қазір көпшілік сурет бетінде жыл санап көбейіп бара жатқан қоңыр дақтарға қатысты алаңдап отыр. Дей тұрғанмен, ғалымдар оның құндылығын барынша сақтап қалудың амалын тапқандай. Леонардо Да Винчи автопортретін, шамамен, 60 жасында салған. Бұл сурет оның шығармашылық жолындағы ең үздік туынды болып саналады. Мария Кристина Мизити, Мұрағат пен кітап мұрасын қалпына келтіру және сақтау институтының директоры: - Біз жұқа қағаздың әрін кетіруі мүмкін химиялық құралдарды қолданбай, құрғақ тазалау әдісімен дернәсілдер мен шаң-тозаңды түгел жойдық. Қазір өнер иесінің суреті қалыпты жағдайда.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    830
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии