20 Август
04:36
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
12 тамыз 14:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Леонардо Ди Каприо атақты қанішер Генри Холмстың рөлін сомдамақ
Голливудтің танымал актері Леонардо Ди Каприо режиссер Мартин Скорсезенің фильміне түсуге келісім берді. Бұл туралы www.24.kz Variety басылымына сілтеме жасап хабарлайды.



Картина америкалық журналист Эрик Ларсонның «Ақ қаладағы албасты...» атты деректі романына негізделген. 2003 жылы жарық көрген бұл кітап өмірде болған оқиғаға негізделген. Әдебиетте Чикагода 1893 жылы өткен Дүниежүзілік көрме мен 200-ге жуық адамның өмірін қиған қаскүнем Генри Холмс жайлы баяндалады.  Холмс сол көрме өткен ғимарат маңындағы қонақүйді өзінің арам ниеттерін іске асыру үшін пайдаланған. Кезінде роман 11 әдеби жүлдені жеңіп алды. 
Романның экрандалған түрі әзірге шартты түрде «Ақ қаладағы албасты» деп аталады.  Жуық арада туындыны түсіру кестесі мен оның прокатқа шығу уақыты қосымша жарияланады, деп хабарлайды ТАСС. 
нравится:    784
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии