|    |  
20 қаңтар 2019
14:11
қаз
Леонардо Ди Каприо рөлде шынайы болу үшін бизонның шикі бауырын жеген
22 қазан 2015, 15:14 1019
"Выживший" атты жаңа фильмнің түсірілімінде  атақты американдық актер Леонардо Ди Каприо  бұрын батылы жетпейтін әрекеттерді істеген. Ол туралы актер Yahoo! Movies басылымына берген сұхбатында айтып берді деп хабарлайды segodnya.ua.



Актердің сөзіне қарағанда, аталған картина режиссері Гонсалес Иньярриту одан барынша шынайылықты талап еткен.

«Мен үшін "Выживший" картинасында ойнау оңай соққан жоқ. Мен рөлді шынайы бейнелеу үшін жануарлар жемтігінің қасында ұйықтауға және бизонның шикі бауырын жеуге мәжбүр болдым»,- деді Леонардо Ди Каприо.



Айта кетелік, Леонардо Ди Каприоны «қатты шаршатқан» аталған картина үстіміздегі жылдың 25 желтоқсанында көрермендерге ұсынылмақ.


Жаңалықтар