16 Декабрь
13:02
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
30 қыркүйек 15:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Лидо кішкентай ұлын көпшілікке көрсетті
Бүгін жақында ғана  ана атанған қазақстандық әнші әрі fashion-блогер Лидоның баласы қырқынан шықты.



Бала өміріндегі маңызды шақтың бірі – сәбиді қырқынан шығару. Белгілі әнші осыны ескерген болуы керек, ол өзінің Instagram парақшасында кішкентайымен бірге түскен фотосын жүктеп оған: «Бүгін Рамиске 40 күн толды, Аллаға шүкір!..» деп жазба қалдырған.



Еске салай кетейік,  үстіміздегі жылғы 21 тамызда Лидо үшінші рет ана атанғаны белгілі. Әнші жеке парақшасында баласына қойылған есімге байланысты былай деген болатын: «Рамис - мұсылманша есім. Араб тілінен аударғанда «символ», «ерекше белгі» деген мағына береді». 
Біз өз кезегімізде, кішкентай Рамиске  және оның анасына аман-есен өсе беріңдер деп айтқымыз келеді!

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Айсара
нравится:    1048
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии