17 Август
14:00
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Кербез
5 шілде 10:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Лимон қосылған су: пайдасы мен зияны
Таңғы астың алдында лимон қосылған су ішудің пайдасы туралы көбіміз естігенбіз.Дегенмен,оның зиянды тустарының барын бәріміз біле бермейді екенбіз.Ендеше әрқайсысына нақты тоқтала кетейік.



Сонымен неліктен аш қарынға су ішу қажет?

Лимон қосылған су шөлді қандырып ағзамызға қажет дәрумендер мен минералдардың орнын толтырады.

Сонымен қатар, лимон қосылған су азықты қорытуға да келтірер пайдасы зор:лимон қышқылы асқазан ұйқы бездерінің секреция жұмысын жақсартады.


Бауырды токсиннан тазалауда да лимон суының пайдасы таптырмас. Адамның иммундық жүйесін нығайтып, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.

Сонымен қатар,лимон қосылған судың пайдасының бірі  адамның қан қысымын реттеуге де көмектеседі.


Артық салмақ тастауда да лимон суының таптырмас көмекші екенін ескере кету керек. Өйткені құрамындағы пектин талшықтары аштықты басып, обыр дертінің бетін қайтарады.



Ал лимон қосылған судың зиянды жақтарына келер болсақ...

Асқазан-ішек аурулары болған жағдайда (язва не гастрит) байқап қолданған жөн.

Бүйрек ауруларына шалдыққан адамдарға да көп мөлшерде пайдалануға тиым салынған, өйткені несеп айдайтын әсері өте мықты.


Ауыз қуысында стоматит болған жағдайда да лимон суын ішу шырышты қабықты тітіркендіреді.

Цитрусты жемістерге аллергия болған жағдайда дәрігерлер лимонды абайлап пайдалануға кеңес береді.


Лимон суын қолданудың негізгі ережелері


Бұл қоспаны таңертең  таңғы асқа дейін 20-30 минут бұрын ішу керек.

Күнделікті бір стаканнан артық ішудің қажеті жоқ.

Қолма-қол әзірленген сусынды ғана пайдалану қажет.Алдын-ала дайындалған сусында ешқандай пайдалы қасиеттер қалмайды.

Судың температурасы 30-36 градустан төмен болмауы қажет, себебі асқазанға зақым келтіру қаупі жоғары.

Сусынды ішкеннен кейін міндетті түрде тамақтану қажет.

Тістің эмаліне зиян келтімеу үшін сусынды тетікшемен ішкен абзал
 

Дереккөзі: hochu.ua 
 
нравится:    322
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии