19 Ноябрь
14:22
Астана: -1 °C
Алматы: -2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Кербез
15 қазан 15:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Лимон қосылған су түрлі аурудың алдын алады

Диетолог-мамандар таза суға лимон тілімін қосып ішуге кеңес береді. Ол ағзаның дұрыс жұмыс жасауына әрі бет терісін жақсартуға септігін тигізеді.

Лимон тілімдері қосылған суды диетологтар «Денсаулық сусыны» деп атайды. Мамандар бұл сусынды күнделікті тұтыну иммунитетті ғана жақсартып қоймай, ұмытшақтық аурудан, анемия сынды дерттерден дер кезінде арылуға көмектесетінін анықтады.
Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алуға ықпал етеді. Өт жолында тастардың жиналмауына септігін тигізеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Ол қан құрамындағы токсиндерді жойып, терідегі пигментті дақтар мен безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Сондай-ақ, лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартып қоймай, қан қысымын бір қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Күнделікті таңертең ашқарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бірқалыпқа келтіріп қоймай, бойға күш-қуат пен сергектік сыйлайды. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайтын қасиетке ие.
Ол үшін қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз мөлшерден қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетіңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.

​Baq.kz
нравится:    754
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии