|    |  
27 мамыр 2019
12:24
қаз
Лимон шырыны бүйректегі тасты ыдыратады
22 қаңтар 2019, 15:27 17


Назарларыңызға лимон шырынының 15 пайдасын ұсынамыз: 


1. Құрамында кальций, магний, калий сынды элементтер көп болғандықтан, теріні ылғалдандырып, жансызданудан сақтайды. 

2. Буын мен бұлшық еттегі ауырсынуды басады. 

3. Заталмасуды реттейді. 

4. Ағзадан токсиндерді, өзге де қажетсіз заттарды шығаратын бауырдың жұмысын жақсартады. 

5. Ангина, тыныс алу жолы инфекциясы, миндалиннің ісінуі сынды аурулардың алдын алады. 

6. Ішек жолын тазартады. 

7. Ағзадағы метаболизм құбылысын іске қосады. 

8. Иммунитетті күшейтіп, қартаюды тежейді. 

9. Құрамындағы калийдің арқасында күйзеліспен күресуге септігін тигізеді. 

10. Лимон қосылған су қанды тазартады. 

11. Артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Күнделікті тұтынатын болсаңыз, қысымыңыз 10%-ға дейін төмендейді. 

12. Құрамында С дәрумені көп болғандықтан, теріні жасартады. 

13. Оның аяғы ауыр әйелдерге де пайдасы мол. С дәрумені иммунитетті күшейтіп, дүниеге келетін сәбидің сүйегін қатырады. Мұнымен қатар, ми жасушаларының түзілуін тездетеді. 

14. Шәй қасық лимон шырынын бір стақан суға араластырып ішсеңіз, асқазан қыжылынан арыласыз. 

15. Ең бастысы, бүйректегі тасты ыдыратады.


Жаңалықтар