20 Август
07:58
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
15 маусым 10:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Лондон сарапшылары ЕАЭО-ның тиімді тұстарын атады
Тұманды Альбион ЕАЭО-ның маңыздылығы мен тиімді тұстарын атады Еуразиялық экономикалық одақ ұйымға қатысушы елдердің экономикалық дамуына айтарлықтай серпін беріп, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.



Ұлыбританияда қазақстандық делегациямен кездескен RUSI аналитикалық орталығының мамандары осындай пікірде. Тұманды Альбион ұйымның маңыздылығы мен тиімді тұстарын атап, Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға ниетті екендігін білдірді. Ұлыбританияның мемлекеттік қызметкерлері, зерттеу орталықтарының мамандары мен танымал іскер азаматтар экономикалық одақ жайында ой бөлісу үшін арнайы бас қосты. RUSI аналитикалық орталығының директоры Джонатан Айл қазақ елі аймақтағы интеграциялық дамудың бастаушысы екендігін атап өтті. Джонатан Айл, RUSI аналитикалық орталығының директоры: - Бүгінгі кездесу Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін ғана саралап өтпей, ұйымның қалыптасуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың негіз болғандығын да көрсетеді. Осылайша, Қазақстанның экономикалық дамуы мен өзге елдермен достық қарым-қатынасы нығайып отыр. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат бойынша министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстан экономикалық интеграция мәселесіне ерекше назар аударады. Қазақ халқы әрдайым алып елдермен байланыс орнатып, заманауи жобаларды іске асыруға ниетті. Тимур Сүлейменов, ЕЭК экономика және қаржылық саясат бойынша министрі: - Өзге елдердегі серіктестеріміз Қазақстанның көздеген мақсатын жете түсінгенін қалаймыз. Бұл – экономикалық дамуды көздеген жоба. Сондықтан одақтас елдерге, сондай-ақ сауда бағытындағы серіктестерімізге де пайдасы мол. Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жылына шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қазір қос мемлекеттің арасында қаржы және білім беру саласында тұрақты байланыс орныққан. Ел кәсіпкерлерімен жолыққан қазақстандық делегация экономикалық одақ үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, ынтымақтастықты дамыта түсетіндігіне көз жеткізді.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    672
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии