11 Декабрь
08:09
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
22 маусым 09:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Лондон тұрғындары үнемдеу шараларына наразылық білдірді
Лондон орталығында мыңдаған адам наразылық білдіріп көшеге шықты. Ереуілшілер Британия билігінің қатаң үнемдеу шараларына қарсылықтарын білдірді. Акцияға қатысушылар арасында еңбеккерлердің мүддесін қорғайтын кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.


Шеруге Біріккен Корольдіктің басқа қалаларынан да белсенділер келген. Халық билікке арнап арыз-шағымдар жазылған парақшалар таратты. Парақшада дәулеттілердің табысының артуы, сонымен қатар кедей азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және денсаулық сақтау реформасының тиімсіздігі сөз болған. Бұдан басқа, шерушілер жоғары оқу орындарындағы оқу бағасының қымбаттауын да айтып, реніштерін жасырмаған. Жаппай ереуілге байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, көптеген көшедегі көлік қозғалысы тоқтап қалды.

Дереккөзі:24.kz
нравится:    607
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии