17 Декабрь
14:17
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
10 қараша 09:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Лондонда миллиардер ғимараттың сегізінші қабатынан құлап көз жұмды
Миллиардер Ангад Пол жексенбі, 8 қарашада, Лондонда ғимараттың сегізінші қабатынан құлап кетті, деп жазады The Evening Standard газеті. 45 жастағы кәсіпкер - Британдық «Caparo Industries» болат құю зауытының иесі. Полицияның ақпаратында ол ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.



Полиция оқиғадан қылмыстық белгілер таппады. Жазатайым немесе өзіне қол салған болуы мүмкін деп болжады.

Болат бизнесінен тыс Ангад Пол жарыс автомобильдерін шығарумен айналысқан және кино индустриясына қаражат құйған. Атап айтқанда, ол режиссер Гай Ричидің «Карты, деньги, два ствола» және «Большой куш» фильмдерінің продюсері. Ол барлығы 10-нан астам туындыға продюссер болған.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    658
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии