|    |  
20 қараша 2018
22:43
қаз
Лос-Анджелесте «Энштейндер» флеш-мобы өтті
29 маусым, 15:14 924
Лос-Анджелесте «Энштейндер» флеш-мобы өтті. Танымал физиктің кейпіне еліктеп, ақ парик пен жасанды мұрт тағып алған жүздеген адам Гиннес Рекордтар кітабына ену үшін осындай қадамға барып отыр деп хабарлайды Mirror.



Жиналған осы жылдың наурызында Берклидегі (Калифорния штаты) Black Pine Circle School жекеменшік мектебінің оқушылары орнатқан 319 «Энштейн» рекордын жаңартпақ болды.

Шараға қатысушылардың бірі, 81 жастағы Бенни Вассерманның айтуынша, іс-шараның көздеген басты мақсаты үйсіз-күйсіз балаларға білім беруді мақсат тұтқан «School on Wheels» қайырымдылық жобасы аясында ақша жинау болып табылады.



Дереккөзі: Lenta.ru
Теги: Главная
Жаңалықтар