|    |  
23 қаңтар 2020
03:52
қаз
​Лотерея ұтқаны туралы қалжыңдаған келіншек қомақты қаражат ұтып алған
06 қыркүйек 2018, 16:18 37
Британияның Уиттлси қаласының тұрғыны күйеуіне лотерея ұтып алғаны туралы қалжыңдап, соңында шын мәнінде қомақты ұтысқа ие болған.



28 жастағы Шарлотт Перт күйеуіне лотереядан 250 мың фунт стерлинг ұтып алғаны туралы өтірік айтып, қалжыңдаған. Үш аптадан кейін қалжыңы расқа шыққан. Оның лотереялық шотындағы жарты фунт оған миллион фунт стерлинг әкелген. Осы жолы қуанышты жаңалықты айту үшін жолдасына хабарласқада жолдасы келіншегінің кезекті «қалжыңына» сенбеген. Түбіртекті көрсеткеннен кейін бір-ақ сенген.

Дереккөз: https://lenta.ru/


Жаңалықтар