21 Октябрь
05:36
Астана: 6 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
21 қараша 17:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Лукашенко Құранды не үшін сүйгенін түсіндірді - ФОТО


Осыдан бірер күн бұрын Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен бірге Минскте мешіттің ашылу салтанатына қатысқан Беларусь Президенті Александр Лукашенко қасиетті Құранды сүйгені үшін сынның астында қалған болатын.



Оқиғаның мән-жайына толығырақ тоқтала кетсек: Беларусь мүфтиі Әбу Бәкір Шабанович Түркия мен Беларусь көшбасшыларына Құран кітабын сыйға тартқан кезде, Ердоған қасиетті кітапты қолына алып жатып, оны сүйіп құрмет білдірген. Ердоғанның іс-қимылын жіті бақылап тұрған Лукашенко да ізінше оның істегенін айнытпай қайталады. Алайда, оның бұл әрекеті діншіл мұсылмандар тарапынан қатты сынға ұшыраған болатын.



“Интерфакс”-тың хабарлауынша, бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндіру мақсатында Лукашенко былай деп мәлімдеме жасаған: 
"Менің бұл әрекеті қатысты қоғамда көптеген сыни пікірлер айтылып жатқанынан хабардармын. Біз Ердоғанмен (Түркия Республикасының Президенті) бірге мешіттің ашылу салтанатына қатыстық. Оған Құранды сыйлаған кезде, ол оны сүйіп құрмет көрсетті. Маған да Құран кітабын сыйға тартқан кезде, мен де қарап тұрмай барлық дінге құрметпей қарайтындығымды осылай көрсеттім".

Сонымен қатар, Лукашенко Беларусь Республикасында түрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүріп келе жатқанын ескере отырып, өзінің мұсылман дініндегі тұрғындардың да президенті екендігін атап өткен. 

Ал, жалпы шариғат бойынша, Құранды сүйген адам толық мұсылман ретінде қабылдана қоймайды. Мұсылман дінін қабылдаудың өзіндік жеке шарттары бар. Солардың бірі - тілін кәлимаға келтіріп, Алладан басқа тәңір жоқ екенін мойындау.

Ендеше, дінге деген құрметін көрсеткен Лукашенконың бұл әрекетін айыптаудың орны жоқ деп санайды көпшілік қауым.


 
нравится:    941
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии