|    |  
21 қараша 2018
08:57
қаз
Мадина Сәдуақасова мен Сәкен Майғазиев балалары үшін шопинг жасады
17 маусым, 15:31 2182
Елімізге белгілі әнші Мадина Сәдуақасова мен «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев балалары үшін дүкен аралап, шопинг жасады. Өнер иелері үнемі жолда жүреді. Гастролдік сапармен өзге қалада жүрсе, енді бірі тойдан қолы босамай жатады. Бірақ, жуырда баласының тұсауын кескен Мадина ара-тұра балалар дүкенін аралауға уақыт табатынын бір сұхбатында айтып қалған еді.



Ұлы Әнуарға киім-кешек аларда, сапасы мен матасына көп мән береді екен. Сахнаға жақында ғана оралған Мадина, көп жағдайда отбасымен бірге болуға тырысатынын жеткізді.



Хайнань аралында «Намыс дода» атты жаңа жоба түсіріліп жатыр. Елімізден көптеген әншілер қатысушы ретінде сол жақа аттанған болатын. Табиғатының ерекше сұлулығына тамсанған жұлдыздарымыз суретке түсіруден жалықпай, желідегі парақшаларына салудан жарысқан еді.



Алайда, кейбір өнер иелері сауда жасап, жақындарына сыйлық алуды да ұмытпапты. Солардың бірі - Сәкен. Қызы Раянаға көйлек қарап жүргенін жариялап, «мазақ қылып күле бермеңдер» деп әзілдеп қойды.



Дереккөзі: comode.kz
Жаңалықтар