12 Декабрь
02:48
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
4 мамыр 12:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мәдина Сәдуақасова өткен өмірі туралы айтпауға уәде берді
4 мамырТанымал әнші Мадина Сәдуақасова 7 арнадағы “Моя история” бағдарламасының журналисі Майя Бекбаеваға берген сұхбатында күйеуімен қарым-қатынастары жайлы әңгімелеп берді.

“Олжас (күйеуі) расымен де мені сүйетін адам. Ол маған өте қымбат. Ол өз махаббатын барынша дәлелдеп берді. Өзі телевизияда қызмет атқарады. Екеуіміз 2009 жылы түсірілімде алғаш танысқанда мен оны елемейтінмін. Бір күні ол маған хабарлама жазып, бір шоқ гүлдер ұсынды. Содан бері жұбымыз жазылған емес”, – деп ағынан жарылды әнші.

Мәдинаның ойынша, қазіргі кезде нәзік жандылардың ер кісінің алдында өзінің мықтылығын көрсетуі – отбасына кедергі болар басты мәселе.

“Мен әйелдер нәзік, сұлу әрі ер кісінің қорғауында болуы үшін жаратылған деп ойлаймын. Өз ерлерінен мықтырақ келетін әйелдер олардың артықшылықтарын сезінуіне мүмкіндік бермейді және бұл қазіргі кезде басты мәселе болып отыр”, – дейді әнші.

Сәдуақасова сұхбат барысында бала кезден әнші болуға талпынғанын жасырмады.

“11 жасымда мен сол кезде танымал болған “Әнші балапан” музыкалық байқауына қатыстым. Кейін Қызылордадағы “Таң шолпан” байқауын жеңуден үмітті болдым. Алайда, өзімді қанша жұлдыз сезінсем де, тіпті келесі турына өтпей қалдым. Дегенмен, жеңіліске бола салым суға кеткен жоқ. 3 жыл бойы атым шыға қоймаса да, кішкентайымнан әнші болу арманымнан бір сәтке алыстаған емеспін. Ақыры 1996 жылы Қызылордада “Музыкальный вояж” байқауын ұтып алдым”, – дейді Сәдуақасова.

“Махаббат жалыны” әнімен жұртшылықты баураған Мәдина әнінің танымал әндер ішінде алғашқы үштікке енгенін автобуста отырғанда радиодан естіген екен.

“Сол кезде мен өнерім елдің жүрегін жібіткенін ұғып, президенттік оркестрмен шартымды бұздым. Алматыға келіп, өнерде жаңа белесті бастадым”, – дейді әнші.

Алматыға арман қуалап келген Мәдина барлық мерекелік іс-шаралардан қалыспай, өнерге толықтай бет бұрыпты.

Әнші өнерден бөлек жеке өмірі мен отбасы жайлы да баяндап берді.

“Жарты жыл бұрын менің туған күнімде Олжас (күйеуі) ұсыныс жасады. Кейін ұзату, той болып, ақыры екеуіміз ерлі-зайыпты атандық. Бірге атырған алғашқы таңымызда күйеуім маған қарап, “Мадина, біз енді ерлі-зайыптылармыз” деді. Сол кезден мен жолдасыма өз өткенім жайлы тіл қатпауға уәде бердім (әншінің алғашқы некесі сәтсіз болған)”, – дейді әнші.

Сәдуқасова бүгінгі күнде 9 айлық ұлын тәрбиелеп отыр. Ана атануы өнерін қатар алып жүруге қиындықтар туғызғанымен әнші өзінің бақытты екендігін айтуда.

Дереккөз: Nur.kz

 
нравится:    1541
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии