18 Декабрь
03:33
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
29 қазан 17:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

МАДИНА СӘДУАҚАСОВА РОЗА РЫМБАЕВАҒА КӨЙЛЕК СЫЙЛАДЫ

Кеше Қазақстанның  халық әртісі Роза Рымбаеваның «Ертеңіме сенемін» деген тақырыпта шығармашылық есеп беру концерті өтті. Қазақ эстрадасының ханшайымын қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы келіп құттықтады. Шығармашылық кеш тосын сыйға толы болды. Ел күтпеген дуэт, триолар ән шырқады.  Роза Қуанышқызы аты аңызға айналған Әлібек Дінішевпен, жас әншілер Индира Еділбаева, Мөлдір Әуелбековамен дуэт айтты. Ал Мақпал Исабекова, Дильназ Ахмадиева Роза Қуанышқызымен бірігіп трио болып ән шырқады. Сондай-ақ,  кешке «Астана Опера» әншісі Сүндет Байғожин, Жұбаныш Жексенұлы, Рүстем Нұржігіт, Әли Оқапов, Мөлдір Әуелбекова, Алмас Кішкенбаев, Нұржан Керменбаев, The Jigits және ORDA тобы сияқты өнер иелері де қатысты.

Концерт барысында  Мадина Сәдуақасова Роза Рымбаеваға өте сәнді әрі әдемі көйлек сыйлады. Оның да өзіндік себебі бар. 1999 жылы «Жас Қанат» байқауында Мадина Сәдуақасова 1-орын иеленген кезде Роза Қуанышқызы көйлек сыйлап, өнер жолына сәттілік тілеген еді. Міне, араға уақыт салып, Мадина өнердегі әпкесіне сыйластығын осылай білдірді.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева сахнада 40 жыл әнімен жасап қана қоймай, алыс-жақын шет елдерде қазақ аты мен әнін мойындатқан бірден-бір әнші. Халық әртісінің концерті Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің қолдауымен ұйымдастырылды.



Дереккөзі: baistars.kz
 
нравится:    1190
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии