|    |  
14 қараша 2019
08:31
қаз
Мадридтің «Реал» клубына жаңа бапкер тағайындалды
02 маусым 2015, 18:06 27
Мадридтің «Реал» клубына жаңа бапкер тағайындалды

 

Рафаэль Бенитес Мадридтің «Реал» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.
AS-тің хабарлауынша, корольдік клуб пен испандық жаттықтырушының келісімшарт мерзімі 3 жылды құрайды. Р. Бенитестің жалақысы жылына 4 миллион еуро болмақ.
Рафаэль Бенитесті «Реалдың» бас бапкері ретінде ресми таныстыру рәсімі ертең, 3 маусым күні өтеді деп хабарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда мадридтік «Реал» бірде-бір кубокке қол жеткізе алмаған соң, итальяндық Карло Анчелоттиді отставкаға жіберген еді. Испания чемпионатында команда екінші орын алса, Чемпиондар лигасында жартылай финалда сүрінді. Сондай-ақ ел кубогында да корольдік клуб алысқа бара алмады.
Рафаэль Бенитес соңғы екі жыл бойы Италияда «Наполи» клубын жаттықтырған болатын. Бұған дейін ол «Валенсиямен» екі мәрте Испания чемпионы атанса, ағылшынның «Ливерпуль» командасымен 2005 жылы Чемпиондар лигасында, «Челсимен» Еуропа лигасында топ жарды.  

 ҚазАқпарат 
 
 


Жаңалықтар