19 Октябрь
15:15
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
18 қазан 10:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Магнитогорскіде белгісіз меценат конвертпен ақша таратып жүр

Ресейдің Магнитогорск қаласында өзінің кім екенін білдіргісі келмеген белгісіз бір меценат қалаға ішіне ақша салынған конверттер тастап кетіп жүр. Бұл туралы nz1.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Көше бойларында, скверлерде, аллеяларда қалдырылып кететін мұндай орамалардың ішіннен 50-ден 5000 рубльге, 1-ден 100 долларға дейінгі құны бар ақшалар алуға болады.

Қала тұрғындары мен меймандары ақшасы бар мұндай конверттерді 14 қазаннан тауып ала бастаған. Белгісіз меценат өз акциясының бірінші күні 500 дана конверт таратыпты. Ал келесі күні олардың санын 5000-ға жеткізген.

Өзінің атын атамай отырған жұртты жарылқаушы ірі компанияның топ-менеджері болып қызмет істейді екен. Адамдарды осылай қуантқанды жақсы көретінін де соның өзі айтыпты. Өзінің сөзіне қарағанда, Жаңа жылға деін ол 50 миллион рубль таратпақшы көрінеді.

Көшеден ақша тауып алған алғашқы кісілер оларды жалған қағаздар шығар деп ойлап қалыпты. Алайда, тексертіп көргенде, банкноттардың шынайы екені анықталған.

Барлығы жалпы 300 000 конверт дайындалыпты. Алайда, ақша солардың 236 000-ына ғана жеткен. Сосын қалған конверттердің іші бос болған.

Меценаттың өзі бұл ақшаның оңай жолмен келгенін айтады. Сондықтан оларды таратып жіберуге шешім қабылдапты.
нравится:    608
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии