|    |  
19 желтоқсан 2018
14:36
қаз
Магниттік конструкторлардың артықшылықтары
12 наурыз, 17:35 76
Соңғы уақытта дүкендер делісінде кеңінен тараған магниттер жайлы сөз етпекпіз. Олар әртүрлі көлемде кездесуі мүмкін, сондықтан ата-аналар аса сақтықпен қарайды. Алайда психологтар мен мамандар сәбиді қуанту үшін осындай ойыншықтар сыйлауға кеңес береді. Өйткені олар баланың дүниетанымын  арттырып, дамууына әсер етеді.


 
Қарапайым әрі қызықты
 
Магниттік конструкторлар тез жиналып, тез бұзылады, оның артықшылығы да осында. Түрлі құралдармен бұзып, қайта құрауға болатын классикалық топтамалар. Табандылық көрсете алмайтын балалар оны тез бұзып тастауы мүмкін. Магниттік бөліктерін бір-біріне сай етіп жинастыру жеткілікті. Жай ғана құрап қоя салмай, оны мұқият ойластырып, іздену қажет.
 Магнит балалар үшін тың әрі қызықты дүние. Балалар оның қалай жұмыс істеп, қалай құрастырылатынын толық меңгергенше қуана бақылайтын болады. Ал жасы үлкендеу балалар конструктордың жұмыс схемасын қарамай ақ құрауға тырысады. Сондықтан басқа ойыншықтарды ұнатпаған балаларға магниттік конструкторлар бірден ұнайды.
 
Қауіпсіз және арзан
 
Кішігірім магниттер кішкентай сәбилер үшін қауіпті, өйткені олардың жұтып қоятын әдеті болады. Алайда дүкендер желісінен кішкентайларға арналған қауіпсіз нұсқаларын да табуға болады. Олардың ерекшелігі магниттер ішкі тарапынан үлкен етіп жабыстырылған. Үшбұрыш, көпбұрыш, үлкен дөңгелектерді жұту мүмкін емес, сондықтан қауіпсіз саналады.
 
Сапалы коллекциялар тиісінше қымбат тұрады. Конструктор таңдау барысында магниттерді мың мәрте құрап және бұзуға болатындығын ескеріңіз. Сондай ақ бұл ойыншықтар барлық жанұя мүшелеріне қызықты болары сөзсіз.
 
Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com


Жаңалықтар