24 Сентябрь
00:21
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
18 тамыз 10:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

"Махаббат, қызық мол жылдар" авторының құрметіне махаббат аллеясы ашылды

Қазақтың қабырғалы қаламгері, әрі журналист, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың есімі қазақ әдебиеті тарихында алтын әріппен жазылған десек болады. Оның қаламынан туған «Махаббат, қызық, мол жылдар», «Мәңгілік махаббат» шығармалары бүгінде халықтың жадында, санасында сайрап тұр. Бүгінде Әзілхан Нұршайықовқа арналған «Махаббат аллеясы» өзінің туып өскен жері Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында бой көтерді - дейді BAQ.kz тілшісі.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған шара – өскелең ұрпақтың бүгіні мен ертеңін айшықтайтын арқалы көпір іспеттес. Есімін Әз-аға деп, ұрпағы ұлықтап өткен жазушының «Махаббат аллеясына» жазушының шығармасымен сусындап өскен аға-буын өкілдері мен аудан жұртшылығы қатысты. Салтанатты шараны ашқан аудан әкімі Нұрлан Сыдықов Жарма жұртының төл перзентін ұлықтап, есімін жаңғыртып жатқан қадамымен құттықтады. Махаббаттың жыршысы атанған жазушыға қандай құрмет көрсетілсе де лайық екендігін атап өтті.

Осыдан үш жыл бұрын журналист Риза Молдашева «Ұмытсақ, ұрпағыңды кешіре гөр» атты мақаласында «Махаббат, қызық мол жылдар» романының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылса деген ұсыныс айтқан болатын. Міне, бүгінде ұтымды айтылған ұсыныс іс жүзінде жүзеге асып отыр. Махабатты жыр қылып, адалдықты ту еткен Әз ағаңның ескерткіш тақтасы шаңырақ көтерген жастар тәу етіп келетін қастерлі орынға айналары сөзсіз.
нравится:    573
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии