|    |  
13 қараша 2019
11:55
қаз
«Махаббат» торты
13 ақпан 2017, 09:53 43

Керекті азықтар:


5 дана жұмыртқа;
100 гр қант;
60 гр ұн;
20 гр крахмал;
30 гр какао ұнтағы;
30 гр сары май;


Кремнің дайындалуы:

300 мл қаймақ;
2 ас қасық қант;
100 гр шоколад;

Дайындау әдісі:

Жұмыртқаның сарысы мен ағын бөліп, сарыуызға аз мөлшерде қант қосып араластырамыз. Ақуызды көбіктенгенше  қалған қантты қосып миксермен араластырамыз. Көбіктенген ақуыз бен сарыуызды қосамыз. Ұн, крахмал, какао ұнтағын араластырамыз. Дайын болған қоспаны құйып араластырамыз. Дайын қамырымызды жүрек пішінді формаға салып пісіреміз. Дайын болған соң алып суытып, ортасынан екіге бөлеміз. Қаймақ пен қантты миксермен араластырыңыз. Торттың бірінші қабатына крем жағып, екінші бөлігімен жабамыз да,  қалған креммен жағып, шоколадты ерітіп құямыз. Беткі жағын өз қалауыңызша әрлеңіз.

Астарыңыз дәмді болсын!

http://anabol.kz/damdi-day


Жаңалықтар