|    |  
18 қараша 2018
21:25
қаз
Макияж өнері. Көз бояуын қалай дұрыс жағу керек
07 желтоқсан, 17:49 1056
Ашық айқын көзқарас – әйелдердің ең басты қаруларының бірі. Көз бояуын дұрыс жағудың бірнеше қарапайым кеңесі.

Көзді  дұрыс бояймыз

Бізге қажеттісі:

• Екі түсті көз бояуы (ашық және қаралау)
• Екі жаққыш: орташа өлшемдегі тегіс ұзартылған және қарайтуға арналған қысқа жұмсақ 
• Көз бояйтын қара қарындаш

1-қадам.

Ашық реңктен бастаңыз. Біз сарғыш-алтын түсті алдық. Барлық қабаққа көз бояуын ұқыптап жағыңыз. 

2-қадам.

Қаралау реңктерге көшеміз. Мысал үшін қара-көк көз бояуын  алдық. Шамамен қабақтың үштен екісін қамти отырып, көздің сыртқы бұрышынан бұрышты сала бастаңыз. Ең қара түс контур бойынша жүруі тиіс.

3-қадам. 

Енді жұмсақ жаққышты алып, көз бояуын жақсылап қарайтыңыз, ол ашық реңктен қаралауға жайлап өтуді қамтамасыз етеді. 

4-қадам. 

Соңғы штрих: жоғарғы қабақта қара қарындашпен көздің ішкі бұрышынан сыртқа қарай ұқыптап сызық сызыңыз. Ал төменгісінде — сыртқы жақтан бастай отырып, шамамен қабақтың ортасына дейін жағыңыз. Тым қатты көрінбес үшін сызықтың жиегін шамалы күңгірттеңіз. 

Дереккөзі: https://kz.everydayme.com
Теги: Сән әлемі
Жаңалықтар