17 Август
23:32
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Кербез
14 маусым 10:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Макияжыңыз кемшілікті жасыра ма әлде айқындай ма?!
Макияж əйелдер үшін адамзат баласы ойлап тапқан ең тамаша жаңалық болды. Əдемілікті одан сайын айшықтау ерте заманнан-ақ барлық жастағы жəне барлық əлеуметтік топтағы əйелдерге тəн болып келді. Əдемілікке қажетті неше түрлі ұсақ-түйек заттар тек пайдалы ғана емес, кез келген əйелдің көңіл күйін көтере алатын күшке ие. 


Қазіргі заманда макияж дегеніміз тұтас ғылымға айналып отыр десек артық айтпаймыз. Өйткені əрбір əйел үшін қазір косметиканың эстетикасы ғана емес, оның сапасы, құрамы маңызды. 
Бірақ кей кездері өте керемет косметикалық құралға ие бола тұра қыздарымыз қолдану жағынан келгенде өрескел қателіктерге ұрынып жатады. Макияж жасауда осындай шалыстықтарға жол бермеу үшін біз мынадай 10 кеңес ұсынамыз. 

1. Тональді кремнің тым қалың жағылуы. 
Мұндай "ауыр" макияж сіздің өз жасыңызға бірнеше жыл қосып береді. Құрамына (60-70%) көп мөлшерде ылғалдандырғыш крем жəне минералды микропигменттер кіретін жеңіл формулалы тональді крем алуға тырысыңыз. Крем бетке жағылғаннан соң бет қыртыстары қалыңдау жерлерден спонжбен ақырын сүртіп отыру керек. 

2. Тональді кремнің тым ашық түсті болуы. 
Егер сіздің тональді креміңіз өзіңіздің табиғи түсіңізден анағұрлым ашық болса ол əжімді айшықтап тұрады. Тағы бір есте ұстайтын қағида жас келген сайын тональді кремді бір-екі тонға қоюырақ түсін алу керек. Сонымен қатар алған косметикалық құралдың құрамында жарықты сіңіргіш бөліктер болғаны абзал. 

3. Түзеткіш. 
Көз астының қарайып тұруы барлығына тəн мəселе. Адамға шаршаңқы түр беріп жəне қартайтып көрсететін кесірлі белгінің бірі. Одан құтылудың жолы дұрыс түзеткіш құрал таңдай білу. Қазіргі сапалы деген түзеткіш құралдар көз астының қарайғанын тек жасырып қана қоймай, сіздің бет түсіңізге бейімделе алтындай деңгейге жеткен. 

4. Опаның көп жағылуы. 
Жасыңыз келген сайын опаны қолдануды азайтқан жөн. Өйткені опаның артық қабаты əжімдерді айқын көрсетіп, бетті шаң тұтқан маскаға айналдырады. 40 жастан соң опаны тек Т-зонаға ғана майлы жылтырды жасыру үшін пайдалану керек. Сонымен бірге бет терісінің тазалығы мен тегістігін сақтау үшін күнделікті күтімді ұмытпаған жөн. 

5. Бет ұшын қызарту. 
Бет ұшына шырай берудің де өз тəртібі бар. Қызартқыш реңк беттің дəл ортасына жағылатын болса, онда ол теріні босаңсытып көрсетеді. Оның үстіне бұл көп адамға жараса да бермейді. Тек беттің жоғарғы ұшын сəл қызарту арқылы ғана сіз керекті нəтижеге қол жеткізесіз. Сондай-ақ табиғи  түстерді таңдау керек, сол арқылы сіз өз образыңызды жеңілдендіре аласыз. 


6. Төменгі кірпіктерге жағылған сүрме. 
Төменгі кірпіктерге тым қалың жағылған сүрме көз айналасындағы əжімдерді одан сайын айқындайды. Көзді визуальді үлкейтіп көрсететін қара түсті сүрмені одан да жоғарғы кірпіктерге жаққан дұрыс.  Көлем бергіш сүрмелерді қолданбаған абзал. 

7. Қабақтың төменгі жағын сызу. 
Мұндай макияж ілуде біреуге жарасы мүмкін. Көз астын бұлай қарайтып сызу көзді кішірейтіп, көз айналасының қараюын одан сайын қалыңдатады. Ең дұрысы жоғарғы қабақты айшықтау. Бұл жерде сызықты көз сыртына қарай жуандау қылып сызу ұтымды болып табылады. 


8. Көздің сыртқы ұшындағы жылтыр сүрме. 
Макияждағы аз-мұз жылтыр қолдану кейбір сəттерде өте қажет. Бірақ ол көздің сыртқы жағына жағылатын болса, əжімді анық көрсетеді. Сондықтан көздің ішкі жағына, ортасына, қастың астына жағу керек.  

9. Ерін далабының ағып кетуі. 
Егер жас ұлғайған соң еріннің пішіні кете бастаса, ерін далабы өз пішінін сақтап тұра алмайды. Ондайда сіздің косметикалық сөмкеңізде міндетті түрде контурлық қарындаш болуы керек.  


10. Тым қанық түсті далап. 
Ашық жəне қою түстер ерінге жағылатын түс емес, одан ерін жіңішкеріп көрінеді. Əрине бəріне бірдей таңбаймыз мұны, бірақ осындай үрдіс бар екені анық. Одан да табиғи, бейтарап түстерге басымдық берген абзал. Ерінге жай ғана жылтыр жағу да кей кезде үлкейтіп көрсетуі мүмкін.  
Жоғарыда айтылған кеңестер, əрине, қатқан қағида емес. Дегенмен бір кəдеңізге жарайтын деген тұстары жоқ емес екені де рас. Макияждың дұрыс, қарапайым болуы сіздің образыңызды жасаңдандырып, сізге керекті көркемдікті сыйлайтын болады.  

http://anabol.kz/sululyk-syry/968-makiyazhynyz-kemshilikti-zhasyra-ma-alde-aykynday-ma
 
нравится:    94
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии