Мәдениет
11 желтоқсан 11:35
МАҚПАЛ ИСАБЕКОВА ДІЛНӘЗ АХМАДИЕВАҒА СЕЗІМІН БІЛДІРДІ (ФОТО)

Әнші Мақпал Исабекова Ділнәз Ахмадиеваға әлеуметтік желіде сезімін білдірді. Әнші әріптес құрбысына өзінің кез-келген уақытта арқа сүйей алатынын, оны жанындай жақсы көретінін жеткізді.

“Махаббат деген – арқа сүйеуге болар жанның қолдауы, әсіресе ол нәзік арудың, құрбыңның қолдауы. Жаным, жақсы көремін сені”, – деп жазады Мақпал құрбысы Ділнәз Ахмадиеваға.

Ал жанкүйерлер қос құрбының достығымен қатар, олардың Батырхан Шүкеновті еске алу концертіне киіп шыққан сахналық образдарын да талқыға салды. Arunaz design сән үйінде тігілген әртістердің көйлегінен тыңдармандар мін тапты. Бұл жолы ғаламтор қолданушыларына Мақпалдың көйлегіндегі қалталар ерсі көрінген.

Дегенмен, Мақпал мен Ділнәздің өнерін бағалаушылар әнші бойжеткендердің соңғы уақытта құлпыра түскенін жазуда.

Дереккөзі: baistars.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика