|    |  
24 ақпан 2020
02:02
қаз
Мақпал Исабекова отбасылы әзілкешпен көңілдес болған
05 желтоқсан 2017, 11:20 79
Әнші Мақпал Исабекова «Спарта Номад» КВН командасының отбасылы ойыншысы Дидар Джексековпен көңіл жарастырған. Бұл туралы nur.kz порталы жазады. Порталға әзілкештің жұбайы хабарласып, Мақпал мен Дидардың былығын жайып салған. 



«Оқиға 2016 жылдың жазында басталды. Олар жұмыс барысымен Түркияға аттанған еді. Сол кезде-ақ, Мақпал мен жолдасыма қатысты бір жайттың боларын сезген едім. Көңілімде күдік болғандықтан ба, мен әртістерге фототүсірілім жағынан қолдау көрсеткен «Кипятком» суреттерін қайта-қайта көрумен болдым.  Онда да жолдасым Дидар мен Мақпалдың барлық суреттерде бірге жүргенін көрдім. Дидардың ұялы телефоны үйдегі «Ipad»-пен байланыста болғандықтан, бірде планшеттен олардың Түркияда көңіл жарастырып, үнемі бірге болғандықтарын біліп қалдым. Яғни, жолдасымның көзіме шөп салғанын түсіндім.



Сөйтіп жүргенде, Түркиядағы сапарлары да аяқталып, күйеуім елге оралды. Қалаға келе сала сөйлестік, Дидар алғашында «ажырасайық» деп кесіп айтқанымен, кейіннен кешірім сұрап, артық кеткендігін айтқан еді. Бірақ, мұнысына қарамастан, мен онымен ресми түрде сол жылы ажырастым. Сосын бірде, маған таныстарым хабарласып, Мақпалдың Астанадағы қонақүйлердің  бірінде жайғасқандығын жеткізді. Мен, қонақүй қызметкерлерінен әртістің қай нөмірде екенін білуге тырыстым, бірақ одан түк шықпады. Ақыры, құрбыларымның бірінің қолына гүл ұстатып, «Мақпалдың фанаттарының бірімін» деген сылтаумен, қонақүй әкімшілерінен оның қай бөлмеде тоқталғанын білдім.



Сөйтіп, Мақпал мен жолдасым орналасқан бөлмеге барып, есікті қағып едім, әнші алдымнан атып шықты. Ал оның артында жолдасым Дидар отыр екен. Олар ішімдік ішіп отыр екен. Мен кіре салғаным сол еді, Дидар Мақпалды кеудесімен жауып, мені балағаттап, бөлмеден қуып шықпақшы болды. Мен Мақпалға Дидардың үйленген, баласы барын айтқаным сол еді, ол «оны білмедім, маған айтпады» деп жалтарып шықты. Сол оқиғадан кейін мен Мақпалды қайтып көрмедім.


 
Қазір Дидар екеуміз арамыздағы бала үшін қарым-қатынасымызды жақсартып, қайтадан отбасын құруға тырысып жатырмыз. Дидар барлық қателегін түсініп, өзінің отбасына, яғни, балам екеумізге қайтып оралмақшы. Бұған оның ата-анасы да қарсы емес. Жалпы, оның анасы да, інісі де, бізден теріс айналған емес. Керісінше, қолдап, қиын күндері барынша жанымыздан табылуға тырысты. Қазір Дидардың Мақпалмен не себепті ажырасқандығынан бейхабармын.

Бірақ әнші күні кешеге дейін оған хабарлама жазып, мазалап тұрды. Жолдасым, одан мазаламауын сұрап, отбасымен табысқандығын айтты. Бір қызығы, Мақпал теледидарда берген сұхбаттарында үнемі:  «Балалар тек толыққанды отбасында өмір сүруі керек, періштелердің еш жазығы жоқ» деген сияқты әңгімелерді айтады.  Ал өмірде істеп жүргені мынау. Шаңырағымды шайқалтып, баламды әкесінен айыра жаздады. Әншіні осыншалықты екіжүзді деп ойламаған едім. Оның жеке басын қаралайтын еш мақсатым жоқ, бірақ қонақүйде болған сол әрекеттері әлі күнге дейін көз алдымнан кетер емес. Әншінің сөзі бір де, әрекеті басқа. Мақпал сияқты жандарға намысымды таптатып, отбасымның ойранын шығаруға жол бермеймін. Кеудемде оған деген әлі күнге дейін реніш пен ыза бар. Мақпалдың мұнысын кешіре алмаймын»-дейді әзілкештің жары.
 
Дереккөз: nur.kz
 


Жаңалықтар