Мәдениет
1 наурыз 18:33
поделиться:
Мақпал Исабекованың әні «Әлемдік хит-парадта» үздік атанды

Белгілі қазақстандық әнші Мақпал Исабекова «Хабарласпа» әнімен «МИР» радиосының «Әлемдік хит-парадында» бірінші орынға ие болды. Қазақстандық әнсүйер қауым ақпан айының қорытындысы бойынша әншіні үздік деп тапты.
Музыкалық хит-парадты ұйымдастырушылар атап өткендей, әр ай сайын радиостанса сайтында дауыс беру үдерісі жүреді, онда ТМД мүше-мемлекеттері мен Грузияның тұрғындары өз елінің үздік әнін таңдайды. 28 ақпанда радиостанса эфиріне бірінші «Әлемдік хит-парад» бағдарламасы шықты. Онда ақпан айындағы дауыс берудің нәтижесі белгілі болды. Қазақстандық тыңдармандар үздік ән ретінде Мақпал Исабекованың орындауындағы «Хабарласпа» әнін таңдады.
1 наурыздан жаңа дауыс беру кезеңі басталатыны аталып өтілді.
поделиться:
Loading...
Читайте также:
Загрузка...
Комментарии