16 Декабрь
16:56
Астана: -11 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
12 ақпан 10:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВТАН СЫЙЛЫҚ АЛАМЫН ДЕП БАСЫ ДАУҒА ҚАЛДЫ

Мақпал Жүнісова Алтынбек Қоразбаевтан сыйлық аламын деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Baistars.kz. Бар мәселе Мақпал Жүнісованың Алтынбек Қоразбаевтан алған сыйын өз парақшасына жариялаудан басталған. Алтынбек Қоразбаев әншінің өткен туған күніне орай оның портретін салдыртып, тек бүгін ғана сыйлаудың сәті түскен. Мақпал Жүнісова сыйлыққа риза болып, бірден суретке түсіп, парақшасына жариялап жіберген. Ал кейін оқырмандары суреттің басқа әншінің суретінен көшірме деп жаза бастайды.


Ең алдымен, оқырмандар портреттің Мақпал Жүнісоваға онша ұқсамайтындығын айтқан. Ал кейін, тіпті үстіндегі костюмі танымал дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетованың киіміне ұқсайтындығын жазған. Гүлмайдан Сүндетованың дәл осындай киімі мен бас киімі бар көрінеді.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Мақпал Жүнісоваға хабарласқанымызда, әнші бұл сыйлық екенін және суретшіге өзі арнайы отырып, түспегенін айтты. «Үйге келіп, портретті ашсам, расында костюмі де, әшекейлері де менікі емес, қолдары да ұқсамайды. Оны тіпті Гүлмайдан Сүндетованың костюмдерінен көшіріп алған деп жатыр. Фотошоппен сала салған дейді біреулер. Қалай болғанда да, бұл сыйлық қой, қалай мен оны жаман деп айтамын? Оқырмандардың пікірін оқып, көңіл-күйім түсіп отыр. Мені біреудің киімін киіп суретке түседі деп қалай ойлайды?» — деді әнші. Ал кейін бұл суретін Инстаграмнан тіпті өшіріп тастады.

baistars.kz
нравится:    2114
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии