|    |  
15 желтоқсан 2018
18:48
қаз
​Мақпал Жүнісова Бақтияр Тайлақбаевтың өзінің жолын кескенін айтты
28 қыркүйек, 18:05 12
Мақпал Жүнісова Хит ТВ арнасына берген сұхбатында өнерде өзінің жол кескен әнші туралы айтты.


 
«Бұрын «С песней по жизни» деген байқау болатын. Ол конкурстың финалы Мәскеуде өтетін. Оған жолдама алу үшін аймақтық жарыста топ жару керек. Байқаудың Алматыдағы іріктеу кезеңінде марқұм Валентина Толкунова, Ермек Серкебаевтар қазылық етіп, маған бірінші орын берді. Мен жеңімпаз ретінде Мәскеудегі финалға қатысуым керек еді. Алайда, екі ай қалғанда менің орныма іріктеу кезеңіне мүлде қатыспаған Бақтияр Тайлақбаев есімді азаматтың баратыны белгілі болды. Ол таныстары арқылы финалға кетіп, мен қалып қойдым»-дейді әнші.
 


Жаңалықтар