|    |  
10 желтоқсан 2018
15:55
қаз
Мақпал Жүнісова: "Күйеулерің көздеріңе шөп салса сабырмен қараңдар. Бабаларың 10 әйел алған"
14 қаңтар, 13:17 1756
Аталмыш пікірін Мақпал ханым отандық ХИТ ТВ арнасына берген сұхбатында айтқан екен. Бұл туралы отандық БАҚ өкілдері жарыса жазуда.  



“Күйеуіңе көбірек күлімдеп, жылы жүз білдіргенің жақсы. Ер адам үйден 30 қадам аттаса, бойдақ боп шығады. Қыдырып кететін әдеттері бар ғой. Оны біздің анамыз да айтып отыратын. Ата-бабамыздан қалған салт па деймін?! Ата-бабамыз да 10 әйелге дейін алған ғой. Сондықтан да оған үркіп қараудың қажеті жоқ. Әйел адам сүйіп қосылған күннің өзінде, еркек жан-жағына қарап жүреді. Себебі үйдегі әйел бабын таппаған шығар. Сондықтан ондайын көрсең де көрмегендей болу керек. Өзінің отбасын сақтап қалу үшін, балаларының болашағы үшін әйел адам ақылдырақ, кешірімді болу керек. Ол қанша қыдырса да, сол жақсы әйелге қайтып келеді”, – дейді Халық әртісі.

“Ер адам далада қалмайды. Бір әйел қуып шықса, оның ештеңесі кетпейді. Себебі қыздар толып жатыр. Сондықтан да сабыр керек”, – деп түсіндірді ол.

Дереккөзі: Отандық "БАҚ" 


Жаңалықтар