|    |  
20 ақпан 2019
04:02
қаз
​Мақпал Жүнісова не себепті көп сәби сүйе алмағанын айтты
03 қаңтар 2019, 16:29 7
Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Сырласу» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы сырт шерткен. Әнші жас кезінде не себепті көп сәби сүйе алмағанын да айтқан.


 
«Жас кезімде денсаулығым дұрыс болмады. Мен бірден Халық әртісі болып кеткен жоқпын ғой, мемлекеттік сыйлықты алғаннан кейін, осы атақ-даңққа сай болу керек деп өз-өзім күтіп еңбектенгенім рас. 1-2 бала түсіп қалды, бірнеше ота жасаттым, ауруханада да жаттым. Атақты Мұстафаев деген кісі операция жасады. Сондай-сондай қиындықтардан өттік. Зәкең мені 26 жасымда қағып алып кетті. Оған дейін күйеуге шықпаған адаммын. Жатақханада 9 жыл тұрдым. 4 қыз бір бөлмеде. Менің артымнан ешкім жүгірмеді дей алмаймын. Құдайға шүкір, әп-әдемі қыз болдық, талай жігіттер жүрегін ұстап, хат жазып, ғашықпын дегендер болды. Бірақ біздер жоспар бойынша, айына 60 концерт беретін едік. “Гүлдер” ансамблінің жоспары болатын, біз тек үкіметке жұмыс жасадық. Ол кезде мен 90 сом ғана аламын мен. Бірақ біз күнде станция, совхоз, колхоз, бәрін қатар-қатар, үлкен автобустарға мініп алып, аралап жүрдік. Күйеуге шықпадық, үкіметтің жоспарын орындадық» – дейді әнші.


Жаңалықтар