14 Декабрь
04:30
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
29 қыркүйек 10:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мальдивде болған жарылыстан президент әйелі жарақат алды
Мальдив Республикасының президенті Абдулла Ямин отырған шағын қайықта жарылыс болды. Аралмемлекеттің басшысы зардап шеккен жоқ. Өкінішке орай, оның жұбайы мен көмекшісі жарақат алған. Олар Меккеде қажылық парызын өтеп, Сауд Арабиясынан әуежайға келіп, сосын ел астанасы Малеге бару үшін қайыққа отырады. Бірақ жағалауға жетуге 2 метр қалғанда қозғалтқышта ақау шығып, жарылыс болған.



Қажылықтан келе жатқан мемлекет басшысын жағада 20 журналист күтіп тұрды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. «Лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген болжам да жоқ емес», - дейді құзырлы орган өкілдері. Президенттің жылдам жүретін қайығын осы елдің қорғаныс министрлігі тексерген екен. Енді оны нақты кімнің және қаншалықты жауапты қарағаны анықталу үстінде. 

Дереккөзі: 24 kz
нравится:    834
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии