12 Декабрь
12:30
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
8 маусым 10:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мамандар Қытайдан шығатын жаңа киімдерді жуып киюге кеңес берді
Колумбия университеті Медициналық орталығының дерматологы Дональд Белсито киім-кешектегі химикаттар аллергиялық реакциялардың тууына себеп болуы мүмкін екенін ескертті. Сол себепті, жаңа киімді де кем дегенде бір рет жуып кию керек деген ғалым бұл мәселедегі өз тұжырымын айтты, деп жазады «The Daily Mail». Жаңа Зеландияда жүргізілген зерттеу жұмыстары Қытай өндірісі киімдеріндегі зиянды химиялық қосылыстар қалыпты жағдайдан 900 есе асатынын көрсетті. 


Формальдегид - ерекше қауіпті. Бұл түссіз газ матаның умаждалып, мыжылып қалуына жол бермейді, сондай-ақ, киімнің көгеріп, не көк сасып кету қаупін сейілтеді. Бірақ, ол керісінше, адамдарда аллергиялық реакциялардың пайда болуына әсер етеді. Кей ғалымдар мұндай жағдайда қатерлі ісіктің де дамып кетуі мүмкін екенін айтады.

Аллергияны басытқы бояғыштар мен анилин бояғыштары тудыруы мүмкін. Ол көптеген синтетикалық маталарды бояуда қолданылады. 
Алғаш рет жуылған соң бояғыштың бөлшегі матада қалады, сондықтан Дональд Белсито киімді екі рет жууға кеңес береді. 
Бұл, әсіресе, химиялық қосылыстарға аллергиясы бар адамдарға қатысты айтылған кеңес. Бояғыштар денеге тигенде онда дене қызарып, бөртпелер пайда болуы мүмкін. Негізінен ол бел, мойын, сан және қолтықта шығады.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    959
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии