22 Август
18:49
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
29 сәуір 15:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​«Мәңгілік полк» шеруі өтеді

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы  құрметіне «Мәңгілік полк» кең ауқымды акциясы өткізіледі, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шеруге әскер мен флот ардагерлерінің, партизандардың, астыртын жұмыс істегендердің, тойтарысқа қатысқандардың, тыл еңбеккерлерінің, концлагерь тұтқындарының, қоршауда болғандардың және «соғыс балаларының» туыстары қатысады.

Қатысушылар 9-мамырда сағат 12:00 «Astanamall» СОО жанына жиналады. Шеру сағат 13:00 Тәуелсіздік даңғылының бойынан басталып, «Отан Қорғаушылар» монументіне дейін жалғасады. Сондай-ақ, монументке гүл қою салтанаты өтеді. Маршруттың жалпы ұзындығы 1,8 км құрамақ.

Айта кетейік, 2012 жылы тарих факуьтетінің студенті Аида Баймақова Астана қаласы мен Ақмола облысы кәсіподағының бұрынғы төрағасы Анна Шевчукпен бірге елордада да осындай шеру ұйымдастыруды қолға алды. Бір жылдан кейін Астана қаласы «Мәңгілік полкі» кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

— Бұл коммерциялық емес, саяси емес, мемлекеттік емес бастама, бұл аталары мен әкелеріне тағзым етпек болған соғысқа қатысушылардың ұрпақтарының ұсынысы. Өткен жылы акцияға 1,5-2 мың адам қатысса, биыл бұл көрсеткіш 3-5 мыңға жетед деп күтілуде, — деді А. Баймақова.

Қажетті транспаранттар мен суреттерді әр отбасы өзі дайындайды, шеруге кез келген адам қатыса алады, портреттің қажетті өлшемдері белгіленген. Полктің Астанадағы Үйлестіру кеңесі маршты ұйымдастырумен айналысады, сондай-ақ, кеңес арқылы ардагерлермен байланысып, оларға қандай да болмасын көмек пен қолдау көрсетуге болады.

Акция былтыр алғаш рет  Астанада  8 мамырда ұйымдастырылды. «Мәңгілік полк» акиясы әлемнің 620 қаласында өткізіледі, оған 10-нан астам мемлекет қатысады, соның ішінде Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Израиль, Украина, Монғолия, Эстония бар, жақында бұл тізімге Канада мен Оңтүстік Корея қосылды.

Акцияға қатысу үшін +77016832383 телефонына хабарласып, қосымша ақпарат алуға болады.

munara.kz
нравится:    618
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии