|    |  
21 қараша 2018
13:01
қаз
Марал банк қызметкерін сүзіп өлтірді
30 қыркүйек, 16:49 918
 
 
Томск облысында орналасқан фермалардың бірінде кәсіпкердің мүлкін есепке алуға келген банк қызметкерін марал сүзіп өлтірді. Оқиға Томск облысының Варгатер ауылында орын алған.
 
24 жастағы банк қызметкері фермердің техникасын суретке түсіру үшін қоршау ішіне кірген. Қоршау ішінде жүрген бірнеше маралдың біреуі банк қызметкеріне қарсы шапқан. Зардап шеккен жігіт оқиға орнында қаза тапқан.
 
Тергеу басқармасы аталған факты бойынша тексеріс жүргізіп, куәгерлерден жауап алуда. Сот медициналық сараптамасы тағайындалған.
 
Дереккөз: Аргументы и факты
Жаңалықтар