|    |  
18 қараша 2018
21:25
қаз
​Мәреден жүгіріп емес, секіріп өткен спортшының жанкештілігі
16 тамыз, 15:39 965

 
Багамдық спортшы Шона Миллер 400 метрге жүгіруден Олимпиада алтынын қанжығасына байлап, чемпион атанды. Бірақ бұл алтын, бұл атақ спортшыға оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске деген ұмтылыстың, ерік-жігердің жанкештілігімен келді. Мәреге жетуге соңғы сәттер қалғанда Миллер америкалық спортшы Эллиссон Феликстің өзінен озып кетуі мүмкін екенін түсініп, жанкешті соңғы қадамға баруға бел шешкен. Спортшы мәреге бар денесімен секіріп түскен.
 
«Мен ештеңе ойламадым. Тек көз алдымда алтын медаль ғана тұрды. Келесі секундта мен жерде жаттым»-дейді спортшының өзі.
 
Миллердің көрсеткіші 49,44 секунд. Америкалық спортшы бар-жоғы жеті секунд кешігіп қалды. Америкалық ашулы жанкүйерлер жарыстың секіруден емес, жүгіруден өтіп жатқанын алға тартуда.
 
Алайда багамдық спортшының бұл секіргені сайыс ережелеріне қайшы келмейді. Бұл спорт түрінде мәре сызығынан кеуде (қол, аяқ немесе бас емес) өтуі керек.
 
Ал америкалық Эллиссон Феликске бәсекелестерінің тарапынан мұндай қылықты екінші рет көтеруіне тура келіп отыр. 200 метрге жүгіруден Рио ойындарының іріктеу кезеңінде жерлесі Дженна Прандини де секіру арқылы мәреге бірінші жетіп, Феликс сайысқа өтпей қалған болатын.
 
Дереккөз: slon.ru
Жаңалықтар