21 Октябрь
14:41
Астана: 6 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
11 шілде 10:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мариан шұңғымасынан "құбыжық" балық табылды (ВИДЕО)


Ғалымдар Мариан шұңғымасында зерттеу жүргізуде. Бұл жолы зерттеушілер бұған дейін ешкім көрмеген балықты тапты, деп хабарлайды National Geographic.
Okeanos Explorer кемесімен 20 сәуір - 10 шілде аралығында кезекті экспедиция жүргізілуде.
Мақсат - мұхиттың ең терең жерін зерттеу. Оның түбіндегі судың қысымы 108,6 МПа, ол әлемдік  мұхит деңгейіндегі қалыпты атмосфералық қысымнан шамамен 1 072 есе көп. Шұңғыманың ең терең жері теңіз деңгейінен 10 994 м төмен орналасқан.
Okeanos Explorer кемесінде жұмыс істейтін мамандар су астына қашықтан басқарылатын аппарат жіберіп, әр түрлі тереңдікте бейнетаспаға түсіруде.
Бұл жолы олар жаңалық ашты, афионов тектес балықты тапты. Ғылыми еңбектерде олар ауға түскен немесе өлі табылған түрлеріне қарап сипатталған. Оларды өз өмір сүру ортасында ешкім көрмеген.
Осы түрге жататындар отряды шамамен 2 000-6 000 метр тереңде өмір сүреді.
Камераға түсірілген құбыжық балық 2 400 метр тереңде жүзіп жүрген. 


нравится:    865
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии