|    |  
17 қараша 2018
13:46
қаз
Марк Цукерберг үй ішіндегі функцияларды өз даусымен басқаратын жүйе жасап шығарды
05 қыркүйек, 14:47 760

Өзінің ерекше жобасы жайында Марк Цукерберг Римде өткен конференцияда мәлімдеді. Ол 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Джарвисты негізге ала отырып, «Темір адам» («Железный человек») фильмі жүйесі бойынша осы істі қолға алған.

«Құрылым менің даусыммен үйдің есіктері арқылы басқарылып отырады. Тіпті әйелімнің де ырқына көнбейді. Өйткені тек менің даусыма жазылған. Жүйені толығымен аяқтағанда оны әйеліме де кілтін ашып берем», – дейді ол.

Facebook компаниясының басшысы инженерлермен бірлесе отырып үй есігін адам жүзін тану арқылы кілтсіз ашылатын жүйені де ойлап шығарғанын айтады.

Бұған дейін Цукерберг жасанды интеллекттің алдағы он жылдықта қолданысқа етене кіріп, көру, есту, сөйлеу функциялары арқылы іске асатынын айтқан.

stan.kz
Жаңалықтар