|    |  
24 ақпан 2019
02:24
қаз
Мароккода тележүргізуші тікелей эфирде көз жұмды (видео)
25 тамыз 2015, 09:57 3
Мароккода спорт бағдарламасының жүргізушісі тікелей эфирде қайтыс болды. Қайғылы оқиға Эль-Джадид қаласында өткен спорт жарысында баскетболшыларды марапаттау рәсімінде орын алды.



Жас тележүргізуші жергілікті баскетбол командасын таныстырып, оларды жеңістерімен құттықтап жатқан кезде, оның денсаулығы сыр беріп, тыныс алуы нашарлап спорт алаңына құлап түсті. Шараға қатысушылар оған алғашқы жәрдем көрсетуге тырысты. Бірақ тележүргізуші бірнеше минуттан кейін өмірмен қош айтысты.

Өлім себебі анықталған жоқ. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған.



Дереккөзі: dni.ru


Жаңалықтар