22 Февраль
14:40
Астана: -12 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 319.88
EUR/KZT: 394.41
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.42
Мәдениет
21 желтоқсан 16:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Маржан Арапбаева Димаш қатысқан I am a Singer конкурсына қатыспақ
Биыл Димаш Құдайберген қатысып, күллі әлемге танылған қытайдың I am a Singer жобасына енді ерекше дауыс иесі Маржан Арапбаева қатыспақ. Бұл туралы әнші «Айта берсін» бағдарламасында айтты.

 
 
«Былтыр шақырғаны рас. Сол сәтте балам кішкентай болғандықтан, бас тарттым. 1 жасқа да толмаған, тілі енді шығып, тәй-тәй басып келе жатқан. 5-6 айға жалғасатынын естіген кезде, бас тарттым. Бірақ Димашқа жол ашып бердім. Димашқа: «Менің бармағаным қандай жақсы болды» – деп қалжыңдап қоямын. Шын мәнінде Димаш үшін қатты қуаныштымын. Керекті уақытта керекті жерден табылғаны дұрыс болды. Қазір бүкіл әлемге танымал. Ал биыл ұсыныс түскенде, мен бірден келістім. Өйткені мен өнер жолын осындай сайыстардан бастағанмын. Көптеген шет мемлекеттерге шықтым, басқаша айтқанда жарыста жүргенді өзім жақсы көремін. Өз-өзіме дәлелдеу керекпін, өзімді басқа қырынан ашқым келеді. Ол мен үшін өте қызық және ешқашан қорықпаймын. Өзім 23-24 жасымда шықтым, халқы көп Қытай еліне бардым. Сол жерде үшінші орын алып қайттым. .Қатысу үшін емес, жеңу үшін бару менің қашанғы ұстанымым»-дейді әнші.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    182
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии