21 Ноябрь
23:07
Астана: -12 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
16 маусым 13:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Маржан Арапбаева өзіне “көз тиді” деген диагноз қойды


Маржан Арапбаева ауырып, үш күннен бері төсектен тұра алмай жатыр екен. Дене қызуы 38,5 градусқа көтерілген. Әнші өзіне көз тигенін айтып жатыр.  Бірнеше күн бұрын түрлі ас әзірлеп, отбасы мүшелерін қайран қалдырған екен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда әнші көптен бері жасырған жолдасын көрсетіп, сүйіктісімен бірге ел аралап жүргенін айтқан болатын. Осыдан кейін үйге оралған Арапбаеваның қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп ауырып қалған. Ол өзіне “көз тиді” деген диагноз да қойып үлгерді.

“Ауырғанды сондай жек көремін. Үш күн болды төсекте жатырмын. Түр, шаш, тырнақ быт-шыт. Ал өзім сыртқа шыққым келіп жүр. Алайда таңертеңнен бастап жұмысқа кіріспекпін! Үйдегілерім екінші күн қатарынан жөнді тамақ жей алмай жүр. Ауызашарға әжептәуір пысық болып, махаббатпен дәмді тамақ пісіріп жүр едім.

Үйдегілер маған “Ойпырай, көз тимесін” деп жүр еді… Сонда да көз тиген сияқты ғой. Жарайды, орысшадан қазақшаға көшіп кеткеніме кешірім сұраймын. Үйде де осылай ғой менікі. Ауырып жатқандарға тезірек сауығып кетіңіздер деймін! Оразамыз қабыл болсын!” – деп әнші жақсы тілек білдіргендерге алғыс айтты.

Әншінің ауырып қалғанын естіген тыңдармандары тез сауығып кетуін тіледі. Мұнымен қатар, арасында мәнсіз-мағынасыз дүние жазбауды өтінгендер де табылды.


 
нравится:    1107
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии