|    |  
16 желтоқсан 2019
01:48
қаз
Мас бойжеткен пойыз рельсіне кептеліп қалған көлігінен дер кезінде түсіп, бір ажалдан аман қалды
24 қазан 2017, 14:54 43



АҚШ-тың Техас штатындағы Пондер қаласының тұрғындары теміржол рельсіне кептеліп қалған көлікті байқап қалып, көмекке ұмтылған.

Көлік ішінде мас бойжеткен мен оның иті болған. Бойжеткен ес-түсін білмейтін мас болғандықтан, әуелде не болып жатқанын толық түсіне қоймаған. Көмекке келген жандар оның есін жиғызуға тырысып жатып, пойыздың дабыл белгісін естіп қалады.

Қайырымды жандар бойжеткен мен оның итін көліктен алып шығып үлгергені сол, қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз көлікті артынан соққан күйінде бірнеше метр қашықтыққа сүйретіп алып кеткен.

Оқиға куәгерлері түсірген видео Желіде жарияланып, қызу талқылануда.




Дереккөзі: http://120.su


Жаңалықтар